28.07.2020, 18:11
Оқылды: 41

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығына мониторинг жүргізілуде

28 шілде күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Фармацевтикалық бақылау қызметі, «Nur Otan»  партиясының БҚОФ өкілдері, облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен Оралдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

IMG-20200728-WA0031-1

 Әбілхайырхан даңғылы, 2/4 үй мекенжайындағы дәріхана «Аскорбин қышқылы» сұйықтығын 500 теңге көтеріңкі бағамен (рұқсат етілген бағасы 372 теңге) және Мұхит көшесі, 95 үй мекенжайындағы дәріхана «Аскорбин қышқылының» драже түрін 415 теңге (рұқсат етілген бағасы 235,65 теңге) көтеріңкі бағамен сатқандығы анықталды.

Аталған фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Орал қаласының тұрғыны шағымданды.

Аталған бағыттағы мониторингтер өз жалғасын табатын болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале