9.07.2020, 11:19
Оқылды: 36

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығына мониторинг жүргізілуде

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын сақтау мақсатында арнайы мониторингтік тобымен мониторинг жүргізілуде.

9C767557-7129-465D-BF10-D1C7AAE34B9D

 8 шілде күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, БАҚ және қоғам өкілдері, фармацевтикалық бақылау қызметі өкілдерінің қатысуымен Орал қаласының «Провизор» ЖШС және «Вита Фарм» ЖШС дәріханаларына мониторинг жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

 Мониторинг барысында «Вита Фарм» ЖШС дәріханасы бетпердені көтеріңкі бағамен, яғни 150 теңгеден сату фактісі анықталды. Аталған факт бойынша Орал қаласының тұрғыны «Е» арызын облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне тиісті шешім қабылдау үшін тапсырды.

86B1CB8C-6D3F-42CB-A921-1C97FEA31251

 Осындай жұмыстарды аудандарда ұйымдастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің төрағалығымен аудан әкімдерінің қатысуымен шұғыл онлайн жиналыс өткізілді.

 Шара барысында аудан көлемінде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша арнайы мониторингтік топтарды құру тапсырылды.

D1E4E4E3-F867-4C6F-89AC-93E04BED9463

 Аталған бағыттағы мониторингтер өз жалғасын табатын болады.

  zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале