17.02.2020, 11:47
Оқылды: 16

ХҚКО қоғам назарында

Батыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылық құрамымен кездесу өткізілді.

цон адалдық алаңы

Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда 1424 Call-орталығына хабарласуды сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале