27.05.2020, 4:54
Оқылды: 32

Зашаған кенті әкімі онлайн-қабылдау өткізді

2020 жылдың 26 мамырында ANTICOR LIVE жобасын іске асыру аясында Зашаған кентінің әкімі А.Ж.Қадыров «Ақжайық-адалдық алаңы» Facebook парақшасы арқылы жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн-қабылдау жүргізді.

BF82272E-169C-4927-93DF-F2F25653963D

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Негізгі мәселелер жарықтандыру, табиғи қоқыс тастайтын жерлер бойынша шаралар, округті көгалдандыру, спорт кешендерін салу бойынша жоспарлар, сондай-ақ тұрғын үй қорын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болды.

Пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале