6.08.2020, 19:40
Оқылды: 26

Зашағанда жол салу барысында бұзушылықтар анықталды

2020 жылдың 6 тамызында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық офисімен, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.Ақмырзаевтың, облыс әкімінің орынбасары Т.Шакимовтің қатысуымен, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, Жұмалиев, М.Дулатов, Аймауытов көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

C3F52742-2A5B-40E6-8ACD-B40AA16EE728

Комиссиялық қарау кезінде Жұмалиев көшесінің жөндеу учаскесінде тас-құм қиыршықтас қоспасынан жасалған негіздің қосымша қабатында тығыздығы жоқтығы және су ағуы қамтамасыз етілмегендіктен негіз ылғалдығы шамадан тыс көптігі анықталды.

494B2D3B-504C-405C-8395-E407705FBF2A

М.Дулатов көшесі бойынша тротуарды орнату кезінде бетонды негізге ернеулі тастарды (поребриктерді) орнату технологиялық процесті бұза отырып жүргізілген. Жұмыс жобасында тротуардың орналасуы дұрыс қарастырылмаған. Сонымен қатар, су ағу каналы тротуардың сол жағында орналасқан, бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді.

Аймауытов көшесінде ыстық ірі түйіршікті а/б қоспасынан асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату жұмыстары жүргізілуде. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО бойынша филиалының мамандары тиісті сараптама үшін қоспаны алды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале