28.05.2020, 0:10
Оқылды: 15

Жобалық кеңсе басшысы тікелей эфирде

26 мамыр күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасы басшысы Б.М.Хайруллин «Ақжайық» телеарнасындағы «Время вашего вопроса» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

281E2C95-1391-4029-9AF0-BCA112E8D4F3

Бағдарлама барысында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы туралы, төтенше жағдайлар кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бақылау, жүргізілген мониторингтер қорытындылары телекөрермендерге жеткізілді.

Сондай-ақ қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әр адамның үлесі ерекше. Осы бағытта мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары халықтың алдында тұрақты түрде жасалап жатқан жұмыстары туралы ақпараттандыруы қажет.

Ол үшін брифингтерге, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлерге шығып, қоғамға мемлекеттен бөлінген қаржы көлемі және қайда жұмсалып жатқаандығы туралы хабарлап отырулары тиіс.

Мұндай ашықтық жұмыстары «Ақжайық – адалдық алаңы» аясында кеңінен ұйымдастырылуда.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале