17.09.2020, 17:02
Оқылды: 128

Жол сапасы – басты назарда

 

2020 жылдың 16 қыркүйегінде жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, Бәйтерек ауданы бойынша жүргізіліп жатқан 5 объектідегі жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

f2a34e30-b5e6-4a86-b0c3-f0effc001301

(Бәйтерек ауданы Мичурино ауылындағы автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу, Асан ауылындағы автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу, Фурманов ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу 0-8 км, Дарьинское ауылындағы автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу, Ростошин АҚП ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу 0-9 км).

Мониториг барысында Фурманов ауылына кіре беріс жолды жөндеу учаскесінде 0-8 км жол жиектерін нығайту жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұл өз кезегінде асфальт бетонның бөлшектенуіне алып келуі мүмкін.

3771749f-3d02-47f5-8161-de6cea83b809

Ростошин АҚП селосына кіре беріс жолды жөндеу бойынша төсемнің қалыңдығы жобаның талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Сонымен қатар, БҚО Бәйтерек ауданындағы барлық нысандарда жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді.

12940215-a1fb-4b22-aae9-ff598a5c46c9

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале