20.03.2020, 19:09
Оқылды: 32

Жол сапасын қадағалайтын мекеменің қызметкері пара алу кезінде ұсталды  

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшылық ұжымымен бірлесіп, басқарманың бас маманы Д.Өтегеновке қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыным қашықтық байланыс құралдарын пайдалана отырып қаралды.

A2EEAD70-FC37-493A-BD38-901DEBEF8C5B

 Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, Өтегенов 2019 жылы қазан айында Казталов және Жаңақала аудандарында облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы ЖШС өкілінен жалпы сомасы 220 000 теңге пара алғандығы үшін күдікке ілінді.

 Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Орал қалалық сотының үкімімен Д.Өтегенов ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 8 800 000 теңге көлемінде айыппұл салу жазасы қолданылды.

 Үкім заңды күшіне енді.

 Өтегеновтің қылмыс жасауының себебі мен шарттарына келесі жағдайлар себеп болды:

 Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес Өтегеновке ай сайынғы шығу арқылы жұмыстарды қабылдау, мердігерлермен орындалған жұмыстарға «Тапсырыс беруші» бөлігінде актілерге қол қою және белгіленген мерзімде төлемді төлеуді қамтамасыз ету жүктелген.

 Осылайша Өтегенов ай сайын жоғарыда көрсетілген объектіге барып, орындалған жұмыстардың көлемін, олардың орындалған жұмыстардың актілерінде көрсетілген көлемдермен сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізген.

 Содан кейін өзінің басшылығына қол қойғызып, бухгалтерияға төлемдерді төлеу үшін тапсырған.

Бұл жағдайда төлем төлеу мерзімі қол қойылған сәттен бастап 30 тәулікті құрады.

 Бұл ретте, ол қол қойылған актілерді кез келген уақытта тапсыру құқығы болған, сол арқылы мердігер ұйымның төлем уақытын созып немесе тездете алатындығын пайдаланып, Өтегенов олардан ай сайын «сыйақы» талап еткен.

 Тағы бір мән-жай, ол атқарылған жұмыстарды қабылдау кезінде қоғам өкілдерін қатыстырған жоқ, яғни басқарма тарапынан қоғам өкілдерімен қарым-қатынасты арттыру бағытында тиісті шаралар қабылдамайтынын және өз жұмысының ашықтығы қамтамасыз етпейтінін куәландырады.

 18 қазанда Өтегенов БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен ЖШС өкілдерінен кезекті пара алу кезінде ұсталды.

 Сонымен қатар оқиға болған жерді қарау барысында Өтегеновтің портмонесінен салмағы 1,29 гр «марихуана» есірткі затына ұқсас зат табылды.

 Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, Өтегенов ұстау кезінде есірткілік масаң күйде болған.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу (өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен заңсыз иемдену) тіркелді, әрі қарай тергеулігі бойынша облыстық полиция департаментіне жолданды.

22D0860D-8275-441C-9467-E2DD69DA2FF7

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін төмендетеді және теріс имиджді қалыптастырады.

 Осындай іс-әрекеттері салдарынан жол сапасының төмен болатыны сөзсіз.

 Жоғарыда аталған қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыс әкімі аппаратына ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде тиісті ұсыным жіберілді.

 Сонымен қатар тиісті бақылаудың жоқтығы және бағыныштылармен профилактикалық жұмыстардың әлсіздігі үшін «БҚО ЖКжАЖ басқармасы» ММ басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

 Қандай тәртіптік шара қабылдайтыны туралы осы постта көрсетілетін болады.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале