11.09.2020, 16:12
Оқылды: 229

Жолдау жүктеген жүк жеңіл емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өткен Жолдауында нақты қай салада еңбек өнімділігін артыру керек екенін айқындап берді. Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің болашаққа арналған бұл жоспары, əрине, көңілге үміт сыйлағаны рас. Қай тармағын алып қарасақ та, алдағы мақсат-міндеттер терең сараланған. Жүйесіз саясаттың ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына, тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелетінін де жасырмаған. Сондықтан біз саяси реформалардың дәйекті, табанды және ойластырылған түрде жүзеге асырылуына атсалысу керекпіз.

qdqldyq

Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін жетілдірумен қатар, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ, елімізде белең алған жемқорлықпен күресті талдай келе, жалғыз құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, өзін ҚР-ның азаматымын деген әр кісі  бұған өз үлесін қоса алатындығын айтты. Әрі адам құқығының аяққа басылмауын, қазіргі күні сотқа жіберілетін істерде шикіліктің көп екенін, кей сот шешімі аяқ астында шығарыла салатындығын ескертті.

Шынында бұл Жолдау халықтың ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие  болды. Ендігі тек осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету керек.

                              Департаменттің кезекші

                бөлім басшысы  Орынғали Шалабаев 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале