17.09.2020, 19:13
Оқылды: 101

Жолдаудағы жемқорлықпен күрес бағытындағы басымдықтарға тоқталды

2020 жылғы 17 қыркүйек күні департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет және департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М. Хайруллин жұмыс сапарымен Тасқала ауданы орталығында болып қайтты.

19B11FD5-7448-439E-A8F3-2C3F1604216B

Жұмыс сапары барысында аудан басшылығы мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Жолдауында көрсетілген жемқорлықпен күрес бағытындағы басымдықтарға тоқталып, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық мониторингі нәтижелерімен таныстырды.

Мониторинг барысында жүргізілген әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, Тасқала ауданы - жемқорлық деңгейі жоғары деп санаушылардың үлесі күрт өскен аудандардың бірі.

8A4E9443-FA6F-485E-A312-4D66F9B9B131

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Тасқала ауданы респонденттерінің 6,4%-ы жемқорлық деңгейі өңірде жоғары деп көрсетсе, 2-тоқсанда бұл көрсеткіш 42%-ды құрап отыр.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі орташа деп санаушылар үлесі 19,3%-дан  15,9%-ға азайған.

Ал жемқорлық деңгейін «төмен» деп санаушылар алдыңғы тоқсанда 34,7% болып, облыс бойынша ең позитивті көрсеткіш болған болса, 2-тоқсанда тек 18,3%-ды ғана құраған.  

Жемқорлық жоқ деп жауап бергендер - 22,9 %.

Аудан тұрғындарының пікірінше, жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар - көлік және автомобиль жолдары (21%), денсаулық сақтау (8,2%), құқық қорғау, салық және кеден органдары (7,8%) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, тұрмыстық қызмет көрсету салалары (7,8%).

Сыбайлас жемқорлық жағдайына, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қағазбастылыққа тап болғандар үлесі 17,1%.

Сауалнамаға қатысушылардың 77,8%-ы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атсалысуға дайын және бұны өзінің міндеті деп санайды.

Н.И.Самет сондай-ақ жаңадан енгізілген заңнама нормаларына, оның ішінде қарамағындағы қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның басшысының жауапкершілігі, нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу үрдісіне тоқталды.

Шара барысында Б.М. Хайруллин облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алынып жатқан іс-шаралармен, оның ішінде «Protecting business and investments» жобасымен таныстырып, жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Соның ішінде, мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арқылы жемқорлық әрекеттер жасауға әкеп соғатын жағдайлар мен шарттарды ашып көрсетіп, оларды барынша азайту немесе жою жұмыстарының маңыздылығын  түсіндірді.

 zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале