18.06.2020, 18:54
Оқылды: 22

«ЖОО-да ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды

2020 жылдың 18 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Жаратылыстану-география факультеті қызметкерлеріне «ЖОО-да ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

ADALDYQ1

Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері және университеттің Жаратылыстану-география факультетінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.

Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале