20.06.2020, 15:44
Оқылды: 37

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 13 тұлға сотталды

2020 жылдың 19 маусым күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Департаменттің 2020 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жедел және тергеу жұмыстарының қорытындылары туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтті. C9152BF0-7A33-4233-948A-65F499E643EE

Шарадағы басты спикер ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қамал Қожахметұлы Қабылбеков болды.

 Қ.Қ.Қабылбеков өз сөзінде, «2020 жылдың 5 айында департамент 87 қылмысты тіркеді, оның 82-і немесе 94%-ы сыбайлас жемқорлық болып табылады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгей. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішінде негізгі фактілер - парақорлық - 73% (60 факт), сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық - 26% (21 факт). Барлығы 100 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс тергеліп, оның 62-сі сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы мөлшері 516,5 млн. теңгені құрады, өтелгені - 512,2 млн. теңге немесе 99,2%. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 13 тұлға сотталды, оның ішінде 2 адам бас бостандығынан айыру, 1 адам бас бостандығын шектеу жазасына және 10 адам айыппұл түрінде жазаланды, олардың жалпы сомасы 21 миллион теңгеден асты», - деп атап өтті.

 Сонымен қатар Департамент басшысының орынбасары «Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп саны ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты тіркелді. Полициядағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендемейтін динамикасын ескере отырып, бірқатар ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданды. Бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды» - деді.

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Баяндаманың толық мәтіні келесі сілтеме бойынша:

https://drive.google.com/file/d/1SGnQTzkI7D6XZEUlPs3yH3KtCK-RQ3OP/view?usp=sharing

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале