2.11.2016, 16:15
Оқылды: 20

Адам күні адаммен

«Отанға жиырма бес игі іс!» шақыруымен көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру Ақжайық ауданында да өрістеуде. Жаңабұлақ ауылындағы көпбалалы отбасылардағы оқушыларды кәсіпкер Света Сағитова 9000 теңге көлемінде оқу-құралмен, оның әріптесі Светлана Дәуленова 15000 теңгенің аяқ-киімімен қамтамасыз етсе, Жаңабұлақ орта мектебінің қызметкерлері 19900 теңге көлемінде қолдау білдірді.

Аталған қозғалыс аясында Жаңабұлақта шахмат, үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар көмек қажет ететін жандардың үйлеріне барып, ауласын тазарту, отындық ағашын жару сияқты жұмыстарды атқаруда.

Бекем Бекұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале