8.09.2016, 9:55
Оқылды: 31

Азамат, әскерден қашпаңыз!

img_9602      Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асылұлан Досжанов, аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Ғабділжәлел Ниязалиевтің қатысуымен күзгі әскерге шақырту жұмыстары бойынша округтерден шақыртылған мамандарға оқыту, түсіндіру сабақтары жүргізілді.


Жиын барысында мамандар әскерге шақыру қағазы келген кезде көпшілігі міндеттен жалтаратындығын айтты. Бірі парыздан қашып жүрсе, бірі айлап өзге елде жұмыста. Ал олармен қалай байланысу керектігінен тіпті ата-аналары да бейхабар екен.

img_9603- Еліміздің қарулы күштері жоғары қабілетті, заманауи техника және қару-жарақпен жабдықталған. Әскер қатарында болу әр азаматтың Отан алдындағы борышы. Қарулы күштер қатарын толықтыру – патриоттық іс. Дегенмен де бұл ұғымның түпкі мағынасын әлі күнге дейін түсінбегендердің қатары азаймай тұр. Өкінішті-ақ! «Үйінде жоқ», «хабарласу мүмкін емес» деген сылтауларды айтқанша кінәні өзімізден іздейік, - деген Асылұлан Тұрсынұлы әскерге шақыру науқаны кезінде қандай бір қиындық туындаған жағдайда қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.

-Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі мәрте өткізіледі. ҚР ҚК әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жаза бар. Заң бұзып "Әскерден жалтарғандарға 1 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 1,8 млн. теңге айыппұл және қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған, - деді Ғабділжәлел Қалдыбайұлы.img_9610

Үстіміздегі жылдың көктем мезгілінде ауданымыздан әскер қатарына 127 азамат жіберіліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

Жиын соңында Ғабділжәлел Ниязалиев Асылұлан Досжановқа әскерге шақыру комиссиясының жұмысын белсене атқарғаны үшін халық қаһарманы «Б.Момышұлының туғанына 100 жыл» төсбелгісін табыстады.

 Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале