26.09.2016, 14:38
Оқылды: 21

Айлық аясындағы сақтық шаралары

%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%b41 - «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының, 6-тармағына сәйкес адамдардың қаза болуына жол бермеу, облыс аумағында тұрғын үй секторындағы өрттерді болдырмау мақсатында 2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды,- дейді Қаратөбе ауданының ТЖБ-і бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Мэльс Искаков.


  М.Искаковтың айтуынша Қаратөбе ауданы бойынша қазіргі таңда 12 өрт оқиғасы тіркеліпті. Оның 1-еуі жекеменшік моншада, 11-і шаруашылық құрылыстарда. Өрттерден келген материалдық шығын көлемі 1 млн. 845 мың теңгені құраған.

  Тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатымен инспекторлар құрамы  аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өздеріне бекітілген көшелердегі тұрғын  үйлерге, көп қабатты үйлердің пәтерлеріне рейд өткізіп, тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтарды үлестіруде.

                                                                   

  Ерболат Райсов

                                                                                 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале