12.09.2016, 13:04
Оқылды: 35

Айт мерекесімен құттықтады

screenshot_2016-09-12-20-25-40-1-1Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев аудан мешітінде тұрғындарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.


Имандылықты бойына жиып, исламды жүрегіне тұтқан жамағат таңсәріден аудан мешітіне жиналып, намазға тұрды. Мешіт имамы Ерденбек Ықсанов Аллаға адал көкіректі қауымға құрбан шалудың жөн-жоралғысын тәптіштеп түсіндіріп, оның сауабы тұрғысында мағлұмат берді.

Аудан басшысы Альберт Есалиев көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, биылғы жылдың өңіріміз үшін берекелі болғанын, жауын-шашынның мол болып, егіннің бітік шыққанын, жер емген ағайынның еңбегі ақталғанын, ауылдарымызға газ келтіру жұмыстарының мандығанын, елімізде тыныштық, төрімізде берекенің барлығын, осының бәрі еткен еңбек, төккен тер, ауызбіршілікті қоғам, білікті мемлекеттік саясат және Алла Тағаланың елімізге деген оң назары екенін атап өтті. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген тәмсілді теткіп өткен аудан басшысы жамағатты бірлікке, татулыққа шақырды. Жастарға дұрыс жүру, дінді дұрыс түсіну, исламның ақ жолымен жүрудің қажеттігін де еске салып, Алла разылығы үшін шалған құрбандарыңыз қабыл болсын!- деген тілек айтты.
Бұдан соң намаз оқылып, артынан аудан басшысы, әкімшілік аппарат қызметкерлері, аудан тұрғындары мал сою пунктінде құрбан малдарын шалды. Айта кететін жайт, жуырда қолданысқа берілген мал сою нысаны келушілерді сақадай сай даярлығымен қарсы алып, қызмет көрсетуде.
Мешіттің бас имамы дұға оқып, бірнеше мал осы жерде құрбанға шалынды. Шалынған мал еті үшке бөлініп, аз қамтылған, көп балалы, мұқтаж жандарға, отбасыларға, ауданымыздағы қарттар үйіне таратылды.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале