14.09.2016, 16:24
Оқылды: 18

Акция аясындағы қоғамдық қабылдау

%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Отбасыларын қолдау апталығы » акциясына сай азаматтарды отбасылық мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді.


Қоғамдық қабылдауды аудандық әділет басқармасының басшысы Сәния Төлегенова жүргізіп, қабылдауға келген тұрғындардың отбасылық мәселелер төңірегіндегі сұрақтарына жауап берді.

Одан соң қабылдауға келушілерді қоғамдағы отбасының алар орны, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері және бала тәрбиесі туралы пікір алмасты.

«Неке және отбасы» Кодексімен көзделген отбасы құқықтары мен мүдделері туралы заңдылық тұрғыдағы кеңестер айтты.

 

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале