22.11.2016, 11:02
Оқылды: 22

Ала допты әуелетіп

%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b4%d0%be%d0%bf%d1%82%d1%8b-%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bfЕл Тәуелсіздігінің  25  жылдығына орай Шыңғырлау ауданында волейболдан жарыс өткізілді. Барлық ауылдық округтерден, аудан орталығы мекемелерінен қатысқан командалар бақ сынады. Жарыс өте қызықты өтті. Тартысты ойын нәтижесінде  Белогор, Алмаз, Ақбұлақ ауыл округтері және аудан әкімдігі командалары финалдық бәсекеге жолдама алды.

Бас жүлде иелену  жолында аудан әкімдігі мен Белогор командасы кездесті. Жеңіске деген жігерлерін көрсете білген аудан әкімдігі командасы жеңіске жетіп, чемпиондық  Кубокты утып алды. Алмаздықтарды жеңген ақбұлақтықтар үшінші орында.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдармен,сыйлықтармен марапатталды.

Жарыста аудан әкімінің орынбасары Т.Каюпов құттықтап сөз сөйлеп, спортшыларды марапаттау рәсімін өткізді.

А.Шотпанов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале