9.11.2016, 11:40
Оқылды: 18

Алматы шаһарынан жүлдемен...

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d2%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bdӨнер мен мәдениеттің астанасы Алматы қаласынан «Күншуақ» республикалық фестивалінен жүлдемен оралған жас өрендерді қаратөбелік ағайын құшақ жая қарсы алды.

Өнер отын үрлеген жүлдегер өрендерге құрмет көрсету ұлағат ұясынан бастау алды.

Өрендерді жеңістерімен құттықтаған мектеп директоры Аягүл Бисенғалиева жеңімпаз-жүлдегерлерге алғысын білдіріп, ақ лебізін жолдады.

Дүбірлі додаға Қаратөбе балалар саз мектебінен шәкірттері екі жанр бойынша өнер көрсетті. Атап айтсақ, балалар фольклорлық ансамблі жанрында (жетекшілері Аягүл Бисенғалиева, Ернар Биялиев) ІІ орын, «Ақбақай» домбырашылар үштігі (жетекшісі Самат Акимов) І орынды иеленді. - Алып шаһардағы өнер додасына қатысып, жүлдемен оралғанымызға өте қуаныштымыз. Сайыс тартысты өрбіді. Байқаудан алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бізді дайындаған жетекшілерімізге рақмет айтқым келеді, - дейді Райымбек Өтепов.

Шоқтығы биік өнер жетістігін мақтан еткен шара соңында жеңімпаз өрендер мен жетекшілегер алғыс хат табыс етілді.

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале