5.10.2016, 15:21
Оқылды: 22

«Алтын доптан» жүлдемен

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%b4%d0%be%d0%bf            Орал қаласында «Алтын доп» мектеп лигасы бойынша баскетболдан облыстық біріншілік өтті. Аталмыш сайысқа Тасқала ауданының оқушы қыздары қатысып, жүлдемен оралды. Сегіз команда арасында сынға түскен Болат Сыдықов пен Бауыржан Ерғазиев жаттықтыратын аудан құрамасы үшінші орынды иеленді. Құрамында Р.Дәулетова, К.Шарадиева, К.Ізтөлеуова, А.Мұхтарова, К.Иксангалиева, Н.Қойшыбаева және К.Мақсотова сынды жас спортшылар бар аудан құрамасы облыстық деңгейде жақсы өнер көрсетіп жүр.

С.Абдрахманов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале