25.08.2016, 17:25
Оқылды: 16

Алты айлық есеп тыңдалды

есепШыңғырлау аудандық қоғамдық кеңесінің  кеңейтілген отырысы өтіп, күн тәртібінде аудан бюджетіне  өзгерту енгізілуіне байланысты  сұрақтар, сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелігіне қатысты  мәселелер қаралды.

Осы отырыста  қоғамдық кеңестің алты ай ішінде атқарылған  жұмысының да есебі тыңдалып,  мақұлданды. Кеңес төрағасы Б. Сапаровтың баяндамасында атқарылған жұмыстар ашық және толық баяндалып,  мақұлданған соң кеңеске қатысушылар   алдағы уақытқа жаңа жоспарлар талқыланды.

Бақытжан Сапарұлының айтуынша, осы алты ай ішінде қоғамдық кеңес тарапынан көптеген келелі мәселелер қаралып, шешімдерін тапқан. Әсіресе жер реформасы, ауданның бюджеті  және ауданымыздың даму бағдарламасына өзгерістер және толықтырулар  енгізуде  кеңес мүшелері  үлкен белсенділік танытқан.

Бұдан соң Кеңес мүшелерінің  мүшеліктен шығу және жаңадан кеңес мүшелігіне өту туралы жазылған  өтініштер  дауысқа салынып, мақұлданды.

Өз өтініші бойынша  төрағалықтан босатуды  сұраған  Б.Сапаровтың да  өтініші қанағаттандырылып,  аудандық мәслихат хатшысы  Г.Волкогон  жаңа төрағалыққа  ұсынылған  Серікбай Жұмағұловты таныстырып өтті.

Алты ай бойы  белсенді жұмыс атқарған  Б.Сапаровқа  кеңес мүшелері атынан  «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова ,  қоғамдық кеңес хатшысы  А.Арыстанова алғыс білдірді.

Аудандық мекемелер мен  ұжымдармен бірлесе отырып жұмыс атқарған  қоғамдық кеңес  алдағы уақытта да жұмыстарын нәтижемен жүргізуге талаптануда.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале