1.09.2016, 11:24
Оқылды: 21

Алғашқы қоңырау соғылды

1ортаМектепЖәнібек ауданының орталығындағы №1 орта жалпы білім беретін мектептегі соңғы қоңырау өз сән-салтанатымен оздырылды. Жиында мектеп директоры Сапар Мамбеталиев көпшілікті жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектептің алдағы оқу жылына дайындығын мәлім етіп, «Мектепке жол» республикалық акциясының ауқымында аз қамтылған оқушыларға оқу құралдарын алып беруге көмектескен мекеме ұжымдарына алғысын білдірді. Алғашқы қоңырау салтанатында мектеп табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған балдырғандар алаңда сап түзеп өтті. Салтанатты шарада «Қазпошта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Бауыржан Қамешев жиналған қауымды құттықтап сөз сөйледі. Жиын барысында білім ордасының үздік оқушылары алғыс хаттармен марапатталды. Салтанат соңы жас өрендердің өнеріне ұласты.

                                                                                                            Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале