7.11.2016, 10:39
Оқылды: 11

Ардагерлерде жаңа басшы

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының Тәуелсіздік залында ардагерлер кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

         Аудан әкімі С.Әлиев төрағалық еткен отырысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, мәслихат хатшысы С.Рахимов және кеңес мүшелері қатысты.

  Күн тәртібінде аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және кеңес төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Аудан басшысы Санжар Жұматайұлы кеңес төрағасы Айтқали Сүндетбаевтың жұмыс бабымен Орал қаласына ауысып кетуіне орай, жаңа кандидатураны Жәрдемғали Балыковты таныстырды. Ол кісінің өмірбаяны мен атқарған қызметтеріне тоқталды. Дауысқа беру нәтижесінде Жәрдемғали Абылғалиұлы бірауыздан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар кеңес құрамынан ҰОС ардагері С.Ільиясов пен А.Сүндетбаев шығарылып, олардың орнына К.Қасимова мен Х.Мерғалиев тағайындалды.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале