3.08.2016, 17:25
Оқылды: 46

Ардагер тәрбиешіге құрмет көрсетілді

Қаратөбе ауданына қарасты «Жазира» бөбекжайы – балалар бақшасында бала тәрбиелеу жолында тәрбиешінің көмекшісі қызметін атқарып келген Гүлсім Бақтығалиева 1989 жылдан бастап аталмыш мекемеде абыройлы қызмет ете білді.


1sg36JbONBsГүлсім Өтешқызы өз қызметіне адал, тиянақты, ұжым арасында бауырмалдылық, ақжүректік, әділеттілігі үшін әркез сыйлы болып қала бермек.

Жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Г.Бақтығалиеваға ұжым арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолында балаларға жүрек жылуын арнап келгені үшін балабақша директоры Сағира Шаколқызының атынан алғыс хат табысталды, - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы Рана Қазиқызы.

 

Ертай Бимұханов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале