19.10.2016, 16:11
Оқылды: 29

Ардагер энергетикті қабылдады

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80-%d1%8d%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%ba%d1%82%d1%96-%d2%9b%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%b4%d1%8b   Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Қаратөбе аулының тұрғыны энергетика саласының  ардагері Абат Аңшыбайды қабылдады.


Мұхит атындағы орта білім беретін мектебін 1968 жылы үздік бітіріп,  сол жылы оқуға түсе алмай  аудандық байланыс торабында алғаш еңбек жолын бастаған. 1969 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығы электрлендіру факультетіне оқуға түсіп, инженер -электрик мамандығын бітіріп шықты. Оқуын бітіріп туған жерге аудан тұрғындарына, шаруашылықтар мен мекемелерге  электрэнергиясын жеткізетін мекемеге жұмысқа орналасып, кейіннен аға шебер, инженер, басшылық қызметке дейін көтеріп 11 жыл қызмет атқарған.

1986-1990 жылдары Орал қаласындағы «Каззапгироводхоз» жобалау институтында бөлім бастығы,  одан кейін электрэнергияның тұтынуын бақылау  мекемесінде инспектор қызметтін атқарды.

Отбасылық  жағдайына байланыста 1991 жылы  туған жерге келіп  аудандық электр торабына  мекемесіне бас инженер болып қайта жұмысқа  орналасты.  Саналы ғұмырын энергетика саласына арнаған ағамыз 2014 жылы зейнеткерлік жасқа шықты.

Қабылдау барысында аудан әкімі Асхат Шахаров: «Сіздің еңбегіңіз жас ұрпаққа үлгі боларлық. Бар ғұмырыңызды осы сала арнаған жұмыстың қыр сырын меңгерген білікті маман борла жүріп, қызметіңізді абыройлы атқардыңыз,»- деп алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

Жылы шырайлы жүздесудің соңында Абат Аңшыбаев  еңбегін елеп құрмет көрсеткен аудан әкімі Асхат Берлешұлына зор алғысын білдірді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале