28.10.2016, 19:07
Оқылды: 26

Атқарылған ілкімді істерді баяндады

%d0%b0%d1%82%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d1%96%d0%bb%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96-%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%8f%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b4%d1%8b   Тау, Қамысты, Борсы, Жақсыбай, Талов ауылдық округтерінде бастауыш партия ұйымдарының 2014-2016 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиындары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Наурызбай Қарағойшиннің қатысуымен өтті.

Аталған бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ауылдық округтерде «Нұр Отан» партиясының жобалары аясында атқарылған істерді баяндаған соң  жарыссөзге кезек беріліп, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның мұғалімі Еркінгүл Есенова Қамысты ауылының тазалығын сынға алып, сенбілік жұмыстарының шала өтетіндігін атап өтті. Ол, сондай-ақ, ауылдан аудан орталығына қатынайтын автокөлік жолының шыға беріс бөлігі жаңбырдан соң қырып-тегістелмейтіндігін тілге тиек етті. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин орын алған олқылықтардың орнын толтыруды аталған ауыл әкімі Асқар Сәрсенғалиевке ықтияттап тапсырды. Ал, Қамысты ауылының тұрғыны, Тамара Үмітаева ауылдағы жас мамандардың өз жұмыстарына салғырт қарайтындығын, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқармайтындығын жеткізді. Ардагер-ұстаз ауылдағы бірқатар әлеуметтік-мәдени мекемелердің жұмыстарына қанағаттанбайтындығын атап айтты.

Есеп беру жиындарының соңында БПҰ-ның төрағалары, бюро мүшелері мен аумақтық конференцияға қатысатын делегацияның құрамы сайланды.

Д.Зеннат

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале