15.08.2016, 14:57
Оқылды: 28

Аудандағы мектептер он екі жылдық білім беру жүйесіне дайын

Білім            Жаңа оқу жылынан бастап ауданымыздағы мектептер он екі жылдық білім беру жүйесіне көшеді.


Ол үшін республикалық бюджеттен 18 млн 200 мың, жергілікті бюджеттен 97 млн 326 мың теңге бөлініп, талапқа сай жаңа оқулықтар сатып алынған.

Сонымен қатар бастауыш сыныптар тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Биыл оған жергілікті бюджеттен 119 млн 709 мың теңге, жалпыға бірдей білім беру қорынан 18 млн 699 мың теңге бөлінген.

 

Д.Дербісәлі

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале