17.11.2016, 16:49
Оқылды: 19

Аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді

????????????????????????????????????

  Қаратөбе ауданында VI шақырылымдағы Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс 7 сессиясы оздырылды.

   «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №37-3 «Қаратөбе ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов хабарлама жасады.


  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеген №5 Қаратөбе сайлау округінен депутат, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Оразов барша әріптестерін шешім жобасын бекітуге шақырды.

  Күн тәртібінде қаралған «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы», «Аудан әкімдігінің құрамына өзгеріс енгізу туралы», «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу» туралы шешім жобаларын бекітуді аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиев депутаттар назарына ұсынды.

  Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев үнемделген бюджет қаражаты мен республикалық трансферт арқылы бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануға бірауыздан келісім берген аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале