29.07.2016, 9:43
Оқылды: 18

Зеленов аудандық №2 сот есеп берді

зеленов сотЗеленов аудандық №2 сотында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығын  тиянақтаған   баспасөз  брифингі  өтті.


Сот төрайымы Шара Зайнуллинаның берген мәліметтіне сүйенсек, сот  өндірісіне  жыл  басынан  бері 77 іс түсіп, 72 іс  қаралған. Салыстырмалы  түрде  айтатын болсақ, өткен  жылы  осы  мерзімде 85 іс түскен. Ал  азаматтық іс бойынша 342 арыз  түсіп,  өткен  жылғымен  салыстырғанда артып отыр. Мұнымен қоса 378  әкімшілік іс қаралған.

Брифинг соңында Шара Кеңесбайқызы Елбасы  жүргізіп  отырған  реформалардың  негізгі  тұстары, олардың қажеттігі мен  маңыздылығына   да  тоқталып  өтті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале