22.08.2016, 17:10
Оқылды: 18

Аудан атын өзгертетін уақыт жетті

шаңырақ 0Жер-су аттарын қазақшалауға енгізілген мараторий өз күшін жойған соң Зеленов ауданының белсенді азаматтары аудан атын өзгерту туралы бастаманы қайта көтерді. Құрамында еңбек ардагері Любовь Шмарина, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев енген белсенді азаматтар барлық ауылдық округтерді аралап, аудан атын өзгерту туралы ойларымен бөлісіп, халықтың да айтарын тыңдаған болатын. Бүгін аудан орталығына келген топ мүшелері Переметный тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. «Жеңіс» кинотеатры ғимаратында өткен жиынға біраз тұрғын жиналды. Шара басында сөз алған Қадырбай Абдушев: -Құметті, тұрғындар, осыған дейін ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде болдық. Әр ауыл тұрғыны өз ойларын айтып, аудан атын Шаңырақ етіп өзгеруіне қарсы емес екендіктерін айтты-деді. Одан соң өз ойларын Ғалымжан Мендалиев пен Любов Шмарина да білдіріп, ауданымыздың атын өзгертетін уақыт жеткендігін, жаңа заманда жаңа мемлекет құрып жатырған мемлекетте өмір сүріп жатырған соң жаңашылдықтарды іске асыруымыз керектігіне  тоқталса, одан соң ауыл азаматтары атынан Мүгілсім Нұржанова, Борис Королевский, Николай Анципровичтер сөз алып, -Аудан атын өзгертетін уақыт жетті. Көпұлтты Қазақстанымыздың кішкене бөлшегі іспеттес болған біздің ауданға Шаңырақ атауы келеді,-деген ойларын білдірді. Тіпті кейбіреулері аудан орталығының да атын өзгерту керек деген ұсыныстарын да тастады. Бұдан бөлек Мәлік Өтешев, Салима Сакпусунова сынды белсенді азаматтар да ойларын айтып, Калиниское ауылындағы Энгельс атын иеленген көше атауын ауданға еңбегі сіңген А.К. Бабченко атына өзгертсек деген ойларын ортаға тастады.

Жиын соңында аудан атын Шаңырақ деп өзгертуге байланысты дауыс берген азаматтар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале