26.10.2016, 16:42
Оқылды: 19

Аудан басшысы ардагердің шаңырағында болды

%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd«Мейірбандық күндері» Қайырымдылық айлығына орай Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің башысы Арман Баяндықов, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев Ұлы Отан соғысының ардагері Латифолла Кереевтің шаңырағына арнайы барып, сый-сияпат табыс етті.

Басшылар тоқсанның екеуіне келген қарияның жал-жағдайын сұрап,  емен-жарқын әңгімелесті. Осыдан жетпістен астам жыл азаттық үшін күрескен жауынгер ата бүгінгі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда күн кешіп отырғанына разы. Ауданда атқарылған толайым тірліктен хабардар Латифолла Керейұлы аудан басшысына аталық алғысын айтты.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале