28.10.2016, 14:00
Оқылды: 25

Ауылда өткен мерейтой

%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d1%82%d0%be%d0%b9Ойы  салмақты, ауыл ақсақалы Зайзағат  Бөлеғалиев ағамыз жақында сексеннің сеңгіріне шықты.


Ауыл тұрғындары Зайзағат ағаның 80 жас мерейтойына байланысты ақсақалдың шаңырағында ұйымдастырылған мерекелік шараға белсене ат салысты.

Елге сыйлы қарияның батасын алып, той қызығын көруге келген  ханкөлдіктер мен мерейтой қонақтары ауыл шетіндегі алаңдағы ат жарысын тамашалады.

Мерейтойға байланысты ұйымдастырылған дала қызығы мен спорттық ойындар түрлерін тамашалаған халықтың көңілі бір серпіліп қалды.  Ауыл  қариялары мен ағайын туыстар, ауыл жастары  тәрбиелік  мәні  зор аталмыш  шараға ыстық ықыластарын білдіріп, Зайлағи ағаны мерейтойымен құттықтады.%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d1%82%d0%be%d0%b92

«Араздасып бір  ауыл кетер  еді, бір  қария  болмаса  арамызда»  демекші ауылға ат басын тіреген той меймандары  ауылда  қариялардың  көптігіне  разы  болды. Оған мерейтойға Зайзағат ағаның замандастары қариялардың  көптеп келуі куә болғандай.

Жусандыой  ауылдық  округі әкімдігі мен округтегі мәдениет үйі қызметкерлері және той иесінің отбасы ұйымдастырған ұтыс лотереясы көрермендер назарын ерекше аударды.

Дастархан басындағы қонақтардың тілектері мен әзіл әңгімелері той сәнін аша түскендей. Аға ұрпақ өкілдері ауыл қариялары дастархан басында әуелете ән шырқап, жастық  шақтарын естеріне  алып бір  жасарып қалды.      Өнегелі еңбегі кейінгі жас буынға үлгі Зайзағат аға сынды ауыл қарттары көп болсын, елге сыйлы ауыл азаматтарының мерейтойын тойлай берейік, еліміз тыныш, бірлігіміз  бекем  болсын деген игі тілектер айтылды.

 

  Ерболат Райсов

                                                                                               www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале