11.08.2016, 11:28
Оқылды: 25

Ауылым - алтын бесігім

        ауылым2_nПереметный ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық мәдениет үйі қызметкерлері ұйытқы болуымен өнерпаздар ауылдарды аралап тұрғындарға тамаша кеш сыйлауда.

Акция аясында олар аудан орталығына қарасты Қаражар, Озерный елді мекендерінде болып, өнерлерін паш етті. Әуелете ән салып, мың бұрала билеп қошеметке бөленді. ауылым890_nСонымен бірге кеш барысында қос ауылдың қоғамдық шараларына белсенді қатысып жүрген ауыл тұрғындарына округ әкімі А.Халауединнің атынан алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, акция алдағы уақытта басқа да ауылдарда жалғасын таппақ.

Д.Дербісалы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале