23.08.2016, 12:06
Оқылды: 21

Теректідегі «Ашық есік» күні

zhpress (1) Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Ашық есік » күні аясында бірқатар шаралар легі өтті.

Шара барысында Мәдениет үйінің құрылу тарихы, қазіргі таңда жұмыс жасап жатырған ансамбльдер мен үйірмелер жөнінде айтылды. Сонымен бірге, зиянды әдеттен аулақ болуды түсіндіру, насихаттау және аурудың алдын алу мақсатында «Салауатты өмір-саламатты болашақ» атты  тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Одан соң, бос уақытты тиімді пайдалана отырып, спортқа  деген қызығушылықты күшейту үшін аудандық «Көңілді старт» отбасылық   сайысы өтті.  Аталмыш сайыстың құрметті қонақтары қатарында аудандық БЖСМ директоры Әлібек Бекетұлы және аудандық мәдени-демалыс орталығының  әдістеме бөлім меңгерушісі Гүлмира Кощанова болды.

       Арнайы бөлімдер бойынша отбасылар сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале