21.11.2016, 10:46
Оқылды: 17

Ақеділдің жеңісі

%d0%b0%d2%9b%d0%b5%d0%b4%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81%d1%96 XII Ұлттық Дельфий ойындары биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында ұйымдастырылуда.

  Аталмыш байқау өңірімізде 2016 жылдың шілде айында өткізіліп, үздіктер анықталды. 1-5 қараша күндері аралығында  облыстық байқау жеңімпаздары Степнагорск қаласында өткен республикалық байқауға жолдама алды. Жолдама алғандар ішінде жаңақалалық өнерпаздар да бар еді. Аталмыш республикалық байқауға Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі «Домбыра» сыныбының оқушысы Ақеділ Ұзақов (жетекшісі Ертай Аманжолұлы) қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен барып, бақ сынаған үміткерлер арасында жүлделі II орынға ие болды. Бұл байқауға Батыс Қазақстан облысы бойынша екі домбырашы қатысты.


   Айта кетейік, А.Ұзақовтың тобында, яғни,орта топта 10 оқушы өз өнерлерін ортаға салды. Солардың ішінен оза шауып, дарабоз дарынын дәлелдей білген А.Ұзақов үздіктер қатарынан көрініп, облыс абыройын асқақтатып оралды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале