22.07.2016, 10:05
Оқылды: 15

Ақжайықта екі қыз суға кетті

суға21 шілде күні сағат 18.00 шамасында Ақжайық ауданның орталығы – Чапаев тұсында Жайық өзеніне екі жасөспірім қыз суға батып кеткен.


Суға кеткен М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары Д. М. және И. М. , екеуі де 2003 жылы дүниеге келген.

– Манарбекованың денесі осы кеште, сағат 22-де жедел құтқару жасағымен табылды. Меңдешеваның денесі іздестірілуде. Сүңгуірлер әрекет жасауда, олар түнгі 1-ге дейін іздестірді, бүгін алатаңнан тағы іске кірісті. Оқиға орнында прокуратура, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бар,-деді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірхан Қажығалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале