23.08.2016, 11:04
Оқылды: 19

Ақжайықта әр сенбі сайын – жәрмеңке өтеді

балықАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта әр сенбі сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Айталық, өткен сенбіде Тайпақ ауылынан «Самал» шаруа қожалығы қой етімен қатар бақша өнімдерін саудаға шығарды. Чапаевтан екі сиыр мен қой еті, тірілей қойлар да сатылды. Алмалылық «Бақтияр» шаруа қожалығынан бақша өнімдері де тез арада тұтынушыларын тапты. Сарытоғайдан басқа азық-түлікпен қатар 15 литр шұбат сатылды. Сиыр еті 950, қой еті 850 теңгеден өткізілді.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале