31.08.2016, 12:38
Оқылды: 52

Ақжайық ауданындағы бесінші модельді кітапхана

МодельКтапханаАқжайық ауданындағы Есенсай ауылының кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, модельді кітапхана мәртебесін алды. Ата Заң күнімен тұспа-тұс келген осы қуанышпен тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаева, Сырым, Жаңақала, Теректі, Тасқала, Зеленов аудандарынан келген кітапханашылар құттықтады.

– Кітапхана бұл мәртебесімен, яғни жаңа келбетімен жұртқа жаңаша қызмет көрсетуге кірісті. Мақсат – еліміздегі кітапханалармен мығым байланыс орнату, бұрын қол жете бермеген кітап қорымен ауылдағы оқырмандарды қауыштыру. Модельді кітапханаға қол жеткізе отырып, оқырмандардың психологиясын жаңа бағытқа өзгертуге мүмкіндік алып отырмыз. Бұл оқырмандардың рухани байлығын еселеудің төте жолы екені сөзсіз,-деді Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Р.Исатаева.ЕсенсайБиблиотека

Еліміздің өркендеуінің арқасында жылдан жылға кітапхана саласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінге дейін ауданымызда модельді болып ашылған Мерген, Алмалы, аудандық орталық балалар кітапханасы және Тайпақ ауылдық балалар кітапханаларының жұмысынан нақ соны айқын аңғаруға болады. Жаңа мәртебенің ерекшелігі оқырмандарға дәстүрлі қызметпен қатар заманауи технологияларды пайдаланып, сұранысқа сай қызмет ұйымдастыру. Осы кітапханада отырып, басқа да үлкен кітапханалардың кітап қорымен танысып, оқуға және онлайн конференцияларды өткізуге мүмкіндік толық бар. Оның ішінде өлке әдебиетін насихаттауға кеңінен жол ашылды. Мысалы, Ақжайық ауданының энциклопедиясымен облыс көлемімен қатар республика жұртшылығы таныса алады. Демек, кітапханашылар заманауи технологияны ойдағыдай игеруі шарт.

Осы күні есенсайлықтрға «Ауылдық кітапхана – ел дамуының жаршысы» атты саяхат-презентацияда «КАБИС» бағдарламасының оқырманды тіркеуі, «BOOKSCAN» моделінің қолдану әдісі, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған демалыс бұрышы, «Сөйлейтін кітап» инновациялық-библиографиялық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді. Мұнда электронды кітаптарды бірнеше оқырман қатарынан қолдана алады. Яғни, оқырман қатарына тіркелуден бастап, барлығы электронды түрде жүзеге асады. Облыс көлемінде осы бағдарламаларды енгізуде Ақжайық ауданы алдыңғы қатарда екені айтылды.

Бек Сүйініш

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале