10.08.2016, 11:19
Оқылды: 36

Ақжайық ауданында «Қауіпсіз мектеп» акциясы басталды

mektepЕліміздің Білім және ғылым министрлігі 10 тамыздан 20 қыркүйекке дейін «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясын бастауына байланысты Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова тәрбие және білім мекемелері басшыларымен кеңес өткізді. Ол «Қауіпсіз балалық шақ!» ұранымен өткізу ұсынылған аталған шара барысындағы міндеттерді тұжырымдады. Мақсат – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Кеңесте аудан прокуратурасының прокуроры Анастасия Семилиди бұл акцияның барысында оқу сыныптарының, асхананың, спорт залының, медициналық кабинеттердің, су құбырларының, жылу жүйесінің жұмысқа дайындығына; ғимараттың өртке қарсы және санэпидемиологиялық талаптарға сай болуына назар аудару қажеттігін қаперге салды. Сондай-ақ ол мектеп директорларының, мектепке дейінгі ұйымдар жетекшілерінің «Білім туралы» Заңнан, тиісті басқа да құқықтық актілерден хабардар болуының маңызын еске салды. Мекемелерде босаған жұмыс орындары туралы 3 күннің ішінде жұмыспен қамту орталығына хабарлануы тиіс.

Түнгі уақытта балалардың беймезгіл жүруін болдырмау, мектеп – ата-ана байланысын нығайту жайында кеңінен қамтылды.

Болат Қосжанұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале