14.07.2016, 17:47
Оқылды: 14

Ақжайық ауданы әкімінің баспасөз мәслихаты

????????????????????????????????????

   Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалында биыл өңір аудандары бойынша Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов алғашқы болып баспасөз мәслихатын өткізді.

   Осында Ә.Т.Жоламанов мерейтойлы жылғы жетістіктер, таяу арада тұрған және алдағы кезеңдегі міндет-межелер туралы журналистер алдында жан-жақты әңгімеледі. Айталық, мысалы мал тұқымын асылдандыру жөнінде толымды тәжірибе жинақталып отыр.


  Биылғы өткен айларда шаруалар 567 бас асыл тұқымды ірі қара мен жылқы сатып алды (былтырғы осы кезеңде 282 бас). Түліктерді тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысушы ауылшаруашылық құрылымдарының саны артуда. Немесе егер былтыр тұрғындардың қосалқы шаруашылығындағы малды түрлендіру бағдарламасына тарту мақсатында 14 ауылдық тұтыну кооперативі құрылса, биылғы өткен айларда тағы 7 осындай кооператив өмірге келді.

   Ауылшаруашылық жерлерін барынша экономикалық айналымға қосу мақсатында биылдың өзінде 34 шаруа қожалығы 42814 га. жерде құрылды. Сонымен қатар, тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланып отырған жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 6 шаруашылық субъектісінің мақсатты түрде пайдаланбаған 4513 га. жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Соңғы 3 жылда 136 ауылшаруышылық құрылымының 173 мың га. мақсатсыз пайдаланып отырған алқаптары қайтарылып, олардың 85 пайызы қайта айналымға енгізілді. Ұлт жоспарының 35-қадамында көрсетілген бұл шаралар мақсатты түрде жалғастырылатын болады.

   Аудан басшысы сондай-ақ облыс әкімі А.С.Көлгіновтің көмегімен және тапсырмалары бойынша орындалып жатқан: елдімекендерді абаттандыру тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жер телімдерін инженерлік инфрақұрылыммен қамту,  басқа да қам-қарекеттер жайында баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале