17.08.2016, 11:17
Оқылды: 42

Ақжайық аудан орталығы ажарлана түседі

ChapayАқжайық ауданының орталығы – Чапаевты абаттандыру мақсатында 68,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 4 көшеге ұзындығы 4,6 шақырым төсемжол салынуда. Сонымен қатар Чапаевтың 3 көшесіне ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын төсемжол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Жол қозғалысын ретке келтіру мақсатында Республика-Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда аталмыш жұмысқа жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге бөлініп,  жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. 5 көше жолы бойына жаңадан жол белгілері орнатылды.

Сондай-ақ Чапаев ауылының ішкі 3,2,  және кіреберіс жолды орташа жөндеу, Тайпақ ауылының ішкі 2,6 шақырым жолын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Аудан орталығындағы көшелерді жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале