5.10.2016, 11:20
Оқылды: 31

Ақсақалдың ақ батасын алды

%d1%88%d0%be%d0%bf%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%bbҚаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қариялар мерекесіне орай Шөптікөл ауылының тұрғыны, тыл ардагері Жақия Исмағұловтың шаңырағында болып, құрмет көрсетті.


Кездесуге барған  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Нұрхад Оңалбайұлы Жақия атайды айтулы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Атамыз мерекемен құттықтап барған аудан жастарына аталық ақылын айтып, ақ батасын берді.

«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында аудан аумақтарындағы көмекке зәру отбасыларға бар көмегімізді аямаймыз. Науқандық шаралар кезінде ғана емес, қазынамыз – қарттарға деген құрмет әр уақытта жалғаса бермек дейді,- «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің төрағасы Мерей Амангелдиев.

 

Райымбек АБАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале