27.07.2016, 12:08
Оқылды: 31

Ақсуат жеріндегі жиын

Ақсуат жеріндегі жиын          Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Темірболатұлы  Ақсуат жерінде болып, халықпен жүздесті.


Аудан әкімі  тұрғындарымен әңгімелесіп, ауылдағы біраз мәселелер жөнінде  пікірлерін тыңдады. 34 оқушысы бар мектеп, бір фельдешерлік пункті бар ауыл аудан орталығынан шалғайда орналасса да,  жағдайлары  тәуір. Себебі облыс орталығына қарай Жымпиты шекарасына тіке шығып, керек-жарағын , азық түлікті де сол жақтан тасиды екен. Бірақ қажетті құжаттарға қатысты және дәрігер көмегі, кей уақытта ауру-сырқауға байланысты бәрібір өзіміздің аудан орталығына  барып тұрамыз дейді ақсуаттықтар. Сол кезде көлігі жоқтардың  такси құнының жоғары, ал оның үстіне, орталықтың кейбір медициналық сараптамалардың  қымбаттығына назар аударуды өтінді.  Ең қиыны – ауданға қатынайтын жолдың  нашарлығы. Ал қыстың күндері тіптен қатынас жоқтығын Есенгелді Досжанов  назарда ұстап, шешім табуды өтінді.

Әкім жол мәселесі туралы айтып, ауылдағы ауыз су нүктелерінің жақын арада іске қосылатындығын еске салды.

Осы тұрғыда ауыл фельдешері өз ойын ортаға жайып салса, ауылда шаруа қожалығын жүргізіп отырған қожалық жетекшілері жұмыс жоқ деп қиналған жандардың шаруашылыққа жұмысқа тұрмайтындықтарын, тіпті жұмыс қолы жетпей өзге ауылдардан  кісі  әкеліп жүргендерін түсіндірді.
Ақсуат жеріндегі жиын1

Ақсуаттағы  кездесуден соң, Шыңғырлау ауданы әкімі  далалық пен шабындықты аралады. Аталмыш  округтегі «Бауырым» шаруа қожалығында болып, асыл тұқымды ірі қара мал басын өз көзімен көріп, алдағы күннің жоспарларымен де танысты. Шаруашылық жетекшісі Әділбек Алмағамбетовке қазіргі таңдағы мемлекеттің қаржылай қолдауы, сонымен қатар, мал шаруашылығына қарастырылған субсидиялар жөнінде ақыл-кеңесін берді.

 Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале