29.08.2016, 9:28
Оқылды: 33

Аққозы мектебінің дайындығын тексерді

     IMG_0275         Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Аққозы ауылдық округінің мектебінде болып, мектептің оқу жылына, қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді.


 Мектеп ғимаратын аралап көрген аудан басшысы Асхат Берлешұлы білім ошағындағы балабақша бөлімін, спорт залды, асхананы және қатты дауылдан зардап шеккен ғимарат шатырының жай-күйімен танысты.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиевке аталмыш мектепте қордаланған мәселелер бойынша ғаламтор желісін жеткізу, ескірген су құбырындағы кемшіліктерді жою және оқушылар денсаулығын бақылауда ұстауға, осы мектептен 12 оқушыдан тіс ауруының анықталуына байланысты тіс дәрігерінің қадағалауында болуға нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар мектеп шатырының бүлінген жерін жуық арада қалпына келтіруіне жұмыстануды жүктеген аудан әкімі Асхат Шахаров берілген тапсырмаларды өз қадағалауына алатынын айтты.

 

 

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале