20.09.2016, 12:26
Оқылды: 19

Ақ халатты жандардың Тәуелсіздікке тартуы

dsc_0017Өткен жұманың кешінде Жәнібек ауылының тұрғындары мен қонақтары аудандық мәдениет үйінде мекемелер арасында басталған  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ән-жырымның арқауы - Тәуелсіздік» атты тақырыпта алғашқы болып күз айындағы сахнаның шымылдығын ашқан аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің  концерттік бағдарламасын тамашалады.  Сахнаны жандандырып, қазақтың қара домбырасымен Айдын Ержанов «Тұлпар» күйімен бастады. Әрі қарай Назерке Хайруллина «Қазақ елі», Мейрамгүл Күсенова «Атамекен», Айгүл Өтешова «Ақерке-Ақжайығым», Анара Қабдрахманова «Туған жер», Ерлан Уахитов «Біз қазақпыз»,  Мергүл Өтегенова «Толғау»  әсем-сазды  әндерін әуелете орындады. Бірлес Ихсанов «Кездесерміз әліде» атты монолог оқып тыңдармандарды бір тебірентіп тастады. Балғын биші қыздар «Қазақ» биін билесе,  фортепиянода орындаушы Анара Бердіғалиева және домбыра сүйемелдеуімен Айдын Ержанов екеуі композиция орындап, кейін,  Айдын Ержановтың «Шығыс аруы» күйімен жалғасты. Содан соң, жас мамандардан құралған «Флешмоб» ұйымдастырылып, көрермен қауымның  орынды қошеметіне бөленді.

Ақ халатты абзал жандар негізгі  кәсіптерін бірге ала жүріп, бойындағы өз өнерлерін ортаға салды. Жерлестерге тамаша көңіл-күй сыйлаған кеш шымылдығы Назерке Хайруллинаның орындауында «Егемен Қазақстан» әнімен жабылды.

Сағыныш Сырымов

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале