1.08.2016, 16:39
Оқылды: 42

Балаларды мектепке бірге дайындаймыз!

Мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына, жетім балаларға, қамқорлық көрсетіп, оларды мектепке дайындалуына және толықтай білім алуларына жағдай жасау мақсатында елімізде «Мектепке жол» акциясы өтіп тұратындығы баршаға мәлім. Биыл да ол акция өз жалғасын табады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтетін қайырымдылық шарасы биыл Зеленов ауданы мектептерінің 1019 баласын оқуға керекті құрал-жабдықтармен қамтымақ. Айта кету керек өткен жылы аталмыш акция барысында 1934 балаға 3 миллион 114 мың 425 теңгенің көмегі көрсетілген.

????????????????????????????????????

-Үстіміздегі жылы өтетін акция барысында мектепке арналған киім-кешектер мен кеңсе тауарларын сатумен айналысатын кәсіпкерлерден тауар құнын өсірмеу сұралады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің №26 бұйрығы негізінде орта білім беру ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар да бекітілген. Осыған орай ата-аналар өз балаларын міндетті түрде келісілген түсті мектеп формасымен қамтамасыз етуі керек,-дейді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Г. Исмагулова.

Бұдан бөлек білім бөлімінің мамандары оқушылардың мектепке қайтуын қадағалауға да аса көңіл бөлу керектігін сұрайды. Өйткені биылғы жылы оқумен қамтылмаған балалар саны өскен. Мектепке баруды тоқтатқан екі оқушы да Трекин мектебінен. Бірі 2003 жылы туылған болса, екіншісі 2007 жылғы. Олар 2015 жылдың шілде айында анасымен бірге Әзірбайжан арқылы Түркия еліне өтіп кеткен. Содан бері хабар жоқ.Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясы

Бірінші сынып оқушыларына мереке ұйымдастырып, балалардың қамсыз білім алуларына жол ашатын акцияға ерекше көңіл аударайық және акция шеңберінде демеушілік қолдау көрсету жұмысын көтерейік.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале