13.07.2016, 17:39
Оқылды: 52

Балаларды қуантыңыз, «Гүлжазираның ертегілері»!

ертегілер Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданында туып өскен Гүлжазира мектеп бітірісімен «Алматы қайдасың?» деп журналистикаға оқуға кетті. Арман алдамады. Оқуға түсті. Оқыды. Білім меңгерді. Білікті маман болды. Елге танылды.

Не тындырар екен осы қыз? - деген көпшілік сауалына белгілі тележурналист Гүлжазира Берікқызының «Гүлжазираның ертегілері» атты су жаңа ертегілер жинағы жауап бермек.

«Сиқырлы кітаптың құпиясы», «Құлыншақтың анасы кім?», «Ойыны осылған мыстан», «Тәккаппар күнбағыс» т.б ертегілерден тұратын жинақ балаларға арналған.ертегілер

Автор кейіпкерлері арқылы оқырманды ізгілікке үйретіп, жақсылық жасауға шақырады. Достықты қадірлеп, үлкенге құрмет көрсету, денсаулықты күту туралы ой салады. Тәкаппарлық, жалқаулық, мақтаншақтық, өтірік айту сияқты жаман қасиеттерді суреттейді.

Бүгінгі күні белең алып отырған дұрыс тамақтанбау, компьютер, ұялы телефонға телміру, табиғаттың ғажайыптарына көңіл бөлмеу ертегілерге арқау болған. Бұрыннан келе жатқан халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер өзге қырынан танылады. Отансүйгіш, еңбекқор, өнерлі аң-құстың бейнесін ашу мақсатында кітап иллюстрациялық суреттермен безендірілген.

Кітаптың суретшісі – Серік Басбаев. Елордасы Астана қаласындағы «Шаңырақ-Медиа» баспасында 1500 данамен шыққан кітаптың оқырманға берері көп.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале