10.08.2016, 10:12
Оқылды: 33

Балаларға сыйлық жасаған кеш

КитапҚаратөбе аудандық мәдениет үйінің фойесінде белгілі тележурналиист, Қаратөбе ауданының тумасы Гүлжазира Берікқызының «Гүлжазираның ертегілері» атты тұңғыш кітабының таныстырылымы ерекше сипатта өтті.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен таныстырылымда алғаш боп сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров пен автордың туысы Рысқаным Ғалымқызы кітапқа лента қию рәсімін жүргізіп, шығармалық иесіне оң қадам тіледі.

Аудан басшылығы атынан авторға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.tusaukeser

Кеште сөз сөйлеген автордың ұстаздары Аққайша Ихсанова, Бақыт Тойшыбаев автор жөнінде тағылымды әңгіме қозғаса, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин балалық шаққа саяхат жасады. «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов жыр жолдарын арнаса, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Эльмира Есқайрова жаңа туындымен барша оқырмандарды таныстырып, игі тілегін арнады.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері әннен шашу шашып, кеш ажарын ашты.

Кеш соңында кітап авторы, тележурналист Гүлжазира Берікқызы сөз сөйлеп, елге, өңір жұртшылығына алғысын жеткізіп, балбөбек бүлдіршіндерге арнап, төл туындысы бетінен ертегі оқып берді.

Таныстырылым естелікке суретке түсумен аяқталды.

Тағылымды шараға ауданның лауазымды тұлғалары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері, бүлдіршіндер қатысып отырды.

 

Ертай Бимұханов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале