22.08.2016, 12:16
Оқылды: 18

Бала қамы бәрінен биік

zhpress (1)Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап орта мектебінде «Мектепке жол» шарасына байланысты ауылда біраздан бері жұмыс жасайтын «Тәтібай қорының» жетекшісі Гүлмира Сұлтанғалиева 6 оқушыға 50 000 теңгенің көмегін көрсетті, әкімдік ұжымы 8 оқушыға оқу құралдарымен жәрдемдесті.

– Сондай-ақ кәсіпкерлер Света Дәулетова, Абзал Ерғалиев, Жасқайрат Төлеков те көмектен аянып қалған жоқ. Кітапхана меңгерушісі Мейірман Шәкенов оқушыларға 10 000 теңгеге демеушілік көрсетті. Мектеп ұжымы 39 оқушыны қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Акция жалғасуда,- дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Бекетова.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале