4.08.2016, 9:27
Оқылды: 11

Тәжірибе алмасу бағытындағы концерт

Теректі ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  шеңберінде   селолық  округтер  арасында  тәжібере алмасу  бағытында  концерттік  бағдарламалар ұйымдастыру шаралары бастау алды.


 

Аталмыш бастаманы алғаш боп Богданов селолық округі қолға алып, Аңқаты ауылының тұрғындарын өз өнерлерімен тәнті етуге тырысты. Алдымен, Аңқаты селолық округінің әкімі Б.Кадыралиев және Богданов селолық округінің әкімі Ә.Әубакіров құттықтау сөз сөйлеп, ел егемендігінің бағасын арттыру мақсатында жасалған осындай шаралар жалғасын таба берсін деген тілектерін білдірді. ZH-350x350

Концерттік бағдарлама барысында И.Джумашева, Ә.Изаев, А.Исмагулова, А.Чувилева, Е.Погонец, А.Байболова, С.Изделеев, А.Сағатова секілді өнерпаздар патриоттық бағытта ән шырқап, жиылған халықтың көңілінен шыға білді. Концерттің ерекше сәттерінің бірі - Богданов селолық округінің әкімі Ә.Әубакіров пен И.Джумашеваның «Букет из белых роз» әнін нақышына келтіре орындауы еді. Халық қамын ойлаумен қатар, өнерден алыс емес әкімнің бұл тартуы ерекше атап өтуге лайық.

Шараның  соңында  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қанат Өтеғалиев сөз алып,  аудан әкімдігі атынан сәлем жолдап, жиылған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Осындай шаралар округтердің барлығында орын алмақ. Енді Аңқаты селолық округі өнерпаздары Приречный ауылына ат басын бұрады деп күтілуде.

   www.zhaikpress.kz 

Е.Молдахметов

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале